"Magnum Cash&Carry" ЖШС этил спирті мен алкоголді өнімдерді өндіруге лицензия алды. Бұл туралы Қазақстанның қор биржасының сайтында жарияланған, деп хабарлайды 7kun.kz
"Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) арнайы тізімінде тұратын "Magnum Cash&Carry" ЖШС KASE-ге этил спирті және алкоголді өнім өндіру мен айналымға шығаруға берілген лицензиясының көшірмесін көрсетті. Лицензияны Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті Астана қалалық мемлекеттік кірістер департаменті 2016 жылдың 1 қарашасында 16016730 нөмірімен берген" — делінген хабарламада.
"Magnum Cash & Carry" — Қазақстанның ең үлкен бөлшектік сауда желісінің бірі. Компания 2007 жылы 14 қыркүйекте құрылған. Оның ең басты қызметі — кең қолданыстағы тауарларды тұтынушыларға ұсыну. Magnum дүкендерінің саны 7 жылда айтарлықтай өсті. Бүгінде Қазақстанның 4 қаласында: Алматы, Астана, Қарағанды және Шымкентте 14 сауда кешені жұмыс істеп жатыр.
Сатып алушылардың жалпы саны күніне 61 мыңнан асып жығылады, ал қызметкерлердің саны 6 мыңнан асады.
Қазақстан қор биржасының мәліметі бойынша, компанияның жарғылық капиталының 41%-ы Александр Гарберге, 30%-ы SDB Groupr арқылы Кеңес Рақышевке, Элина Пугачқа 20%-ы, 5%-ы Роман Тихомировке және Андрей Юстке 4%-ы тиесілі.