Майқайың кентіне су жеткізетін құбырлар жөнделді

377

Бірер күнде судың қысымы жоғарылап, су беру штаттық жағдайда жүзеге асады.  

Майқайың кентіне су жеткізетін құбырлар жөнделді Фото: gov.kz

Әзірге, мамандар кенттегі гидравликалық режимді реттеп жатыр. Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Екібастұз су арнасынан Майқайың кентіне су жеткізетін диаметрі 1020 мм-лік су құбырындағы ақауды жөндеу жұмыстары толықтай аяқталды. Жөндеу жұмыстарына 240-тан астам адам және 70 бірлік мамандандырылған техника жұмылдырылды. Мамандар су құбырының әрбір учаскесінде құбырдың қатуы мен ауаның тұрып қалу жайттарын тексерді. Мұндай учаскелер анықталған кезде құбырды бу генераторларымен жылыту жүргізілді. Жекелеген учаскелерде құбырдың айналасындағы топырақ көмір және ағаш шпалдарды жағу арқылы жылытылды. Жалпы ұзындығы 13,4 км құбыр (жер асты және жер үсті желілелі) қыздырылды", - деп мәлімдеді Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Майқайыңға су Екібастұз қаласынан құбыр арқылы келеді. 21 ақпандағы аязда диаметрі 1020 мм болатын құбыр қатып қалған болатын. Су құбырының жалпы ұзындығы - 60 шақырым. Содан бері Майқайың кентінің тұрғындарына су төмен қысыммен берілді. Резервуарда тұрақты түрде тәулікке жететін су қоры құйылып, қамтылады дегенмен, ауылдағы ағайынға су толық көлемде жетпей көліктер Екібастұздан су тасымалдады. Ал ірі көмір кеніші – "Богатырь Көмір" мүлде судан ажыратылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу