Әнші Мақпал Исабекова Инстраграм әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасын сатпақшы. Парақшаның бастапқы бағасы - 1,5 млн. теңге, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.
"Неге бастапқы баға? Себебі, егер сіз бұдан көп ақша төлеймін десеңіз, мен тек қуанамын. Сіз сол арқылы көмекке зәру адамға көмектесесіз. Бұдан жамандық іздемеңіздер, менің ниетім таза әрі адал", – дейді әнші.
Мақпал Исабекованың парақшасына тіркелген адамдардың саны 1 млн адамнан асқан соң, әнші осындай ойға келген екен.
"Миллион адам тіркелген парақшамды сатып, ақшаны қаражатқа зәру адамға беремін. Егер парақшам сатылып жатса, мен ол адамның атын айтып, өзін де көрсетемін. Бизнесі үшін тіркелушілердің саны көп парақша іздеген адамдар сатып алады деген үміттемін", – деп жазған М.Исабекова.
Әнші жаңа парақшасын 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қайта құрмақ екен.