Мақтааралдық оқушылар демалыс орталығынан мектепке керек-жарақтар алып қайтты

1188

Мақтаарал ауданының 6 мектебінің балалары "АЯЛА" қайырымдылық қорының президенті Айдан Төлеутайқызы Сүлейменованың жалпы 15 млн теңге сома қаражатына киім, аяқ киім және кеңсе тауарлары салынған рюкзактар алды.

Мақтааралдық оқушылар демалыс орталығынан мектепке керек-жарақтар алып қайтты

"АЯЛА" қоры Алматы облысының Қапшағай қаласында орналасқан "Балдәурен" Республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалып жатқан Мақтаарал ауданының алты мектебінің 5-9 сынып оқушыларына 251 жинақтама киім, аяқ киім және кеңсе тауарлары салынған соншама рюкзактар табыстады. Балаларға қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық кездесу өткізу, селфи суретке түсу үшін қормен бірге әйгілі JOKEASSES командасының вайнерлері келді.

"Түркістан облысының әкімдігінен біз Қапшағайға Мақтаарал ауданынан балалардың келгені және оларға киім керек екені туралы мәлімет алдық. Бұдан кейін біз Қапшағай қаласындағы "Балдәурен" РОСО басшылығына хабарласып, нақты не сатып алыу керектігін білдік. Сөйтіп, әр баланың жасын, бойын және өлшемін ескере отырып, 251 жинақтама жасадық. Бұған қосымша мектепте оқуға қажеттінің барлығы салынған жақсы рюкзактар сыйлауды шештік. Ал үйлеріне қайтар алдында балалардың көңілін көтеру үшін өздері жақсы білетін JOKEASSES командасының вайнерлерін кездесуге алып келдік. Демалыстың мұндай тамаша аяқталуы оларға жақсы көңіл-күй сыйлап, бүкіл жазға қуат берді деп үміттенеміз", - деп пікірін білдірді "АЯЛА" қорының президенті Айдан Сүлейменова. 

"АЯЛА" қоры берген киім жинақтамасында ұлдарға арналған шолақ шалбар, қыздарға арналған легинси, футболкалар, сандал, кроссовкалар, шұлықтар, худилер мен қалың жейделер бар. Бұлардың барлығы жолға ыңғайлы сөмкеге салынған. Мектепке арналған әрбір рюкзакта - 55 түрлі кеңсе керек-жарақтары, ұялы телефондар үшін тасымалданатын қуаттау құрылғысы және ауыз су үшін дербес бөтелке бар.

Мақтаарал ауданың оқушылары "Балдәурен" оқу-сауықтыру орталығында 2 апта болды. Олар жайлы жабдықталған бөлмелерде тұрды, 5 уақыт тамақпен қамтамасыз етілді, сауықтыру шараларын алды, ашық бассейнде шомылып, шығыршықты және өзі сырғанайтын құрылғылармен сырғанады, спорт секцияларында тенниспен, садақпен атумен, фитнеспен айналысты. Орталық қызметкерлері балалар үшін қызықты викториналар, эстафеталар ұйымдастырды. Ең бастысы – әр бала бастан кешірген ауыртпалықтан соң психологиялық тұрғыдан оңалды. ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен арнайы жоспар бойынша білікті педагог-психологтар олармен жұмыс істеді.  Сонымен қатар, "Балдәурен" орталығында олар ТЖБ қашықтан тапсырды және оқу жылын сәтті аяқтады.

"2020 жылғы 18 мамырдан бері бізде Түркістан облысы Мақтаарал ауданының балалары демалды. Бұл шығармашылық бағыттағы ауысым, сондықтан балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға үлкен көңіл бөлінеді, олар сахна өнерін үйренеді, конкурстар мен флэшмобтар өткізеді. Жыл мезгіліне, орналасқан жерге және жағдайларға қарамастан, әлемді жақсылық және ізгі істер билейді. Балаларды киіммен және мектепке керек-жарақтармен қамтамасыз ету үшін қаражат бөлген "АЯЛА" қайырымдылық қоры секілді қамқор адамдардың бар екені қатты қуантады", – деді Қапшағай қаласындағы "Балдәурен" Республикалық оқу-сауықтыру орталығының директоры Ренат Кұлмағамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу