Малавидегі циклон құрбандарының саны 326 адамға дейін өсті

370

Малавидегі "Фредди" тропикалық циклонынан қаза тапқандар саны 326-ға дейін өсті. 

Малавидегі циклон құрбандарының саны 326 адамға дейін өсті Фото: Новости SB.BY

Бұл туралы ел Президенті Лазарус Чаквер мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Табиғи апаттармен күрес департаменті жариялаған алдыңғы тізімге сәйкес, Малавидегі тропикалық циклонның салдарынан қаза тапқандар саны 225-ке жетті, 700-ден астам адам зардап шекті.

"Кешеден бері бұл табиғи апаттан қаза тапқандар саны 225-тен 326-ға дейін өсті, қоныс аударғандар саны екі есеге өсіп, 183 159-ға жетті", - деді Чаквера.

Чаквера елге циклон соққан кезде шетелдік турдан оралуға асықпағаны үшін сынға ұшырады. Президент Дохада даму деңгейі төмен елдер саммитінде болған кезде Оңтүстік провинцияда табиғи апат режимін енгізетінін жариялады. Сәрсенбіде Чаквера елдегі "Фредди" циклонының құрбандарына байланысты екі апта ұлттық аза тұту туралы жариялады.

Ақпан айының басында Австралия жағалауында пайда болған Фредди бұған дейін тіркелген дауылдар арасында ең ұзаққа созылған табиғи құбылыс ретінде есте қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу