Жалған ақшаны қалай жылдам ажыратуға болады?

1295

Мамандар жаңа дизайндағы купюраларды қолданғанда мұқият болуға шақырды. 

Жалған ақшаны қалай жылдам ажыратуға болады? Фото: inbusiness.kz

Мамандар айналымға шыққан жаңа дизайндағы банкноттарды қолдану кезінде абай болуға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олардың айтуынша, мұқият болмасаңыз жалған ақша жасаушылардың торына түсуіңіз ғажап емес. Ол үшін купюралардың ерекше белгілері мен қорғаныш элементтерін жетік білу керек. 

Былтыр Қаржылық мониторингтік агенттігі 2 мыңға жуық жалған банкнотаны айналымнан шығарды. Оның жалпы сомасы 55 млн теңгеден асқан. Жалған ақшалардың ішінде төл теңгемізден бөлек шетел қаражаттары да бар.

Мамандардың айтуынша, алаяқтар көбіне 2 мың, 5 мың, 10 мың теңгелік купюраларды қолдан жасап сатады.

Сондай-ақ, жалған ақшаны бірден анықтау үшін алдымен купюраның бет жағындағы қорғаныш жібіне бірден назар аудару керек.

Қолдан жасалған ақшаның сопақ терезесінің жиегі тегіс емес ирек болып келеді. Ал нағыз банкнотада жиегі тегіс, жарық түсіргенде ою мен купюраның номиналын көруге болады.

"Сонымен қатар жалған ақшалардағы қорғаныш жібі жылтырамайды. Ал нағыз ақшалардың жібі жылтыр. Сосын құстың суретіне де назар аударған жөн. Қолдан жасалған ақшаны қанша айналдырсақ та суреттің түсі өзгермейді, ал Ұлттық банк басып шыққан ақшада ол алтын түстен реңктен жасыл түске дейін құбылуы тиіс", - дейді мамандар.

Мамандар банкнотаның бояуы анық болуы тиіс екенін ескертеді. Жалған ақшаны ажыратудың тағы бір оңай жолы қағаздың сапасы. Себебі Ұлттық банк қолданатын технология өте қымбат болғандықтан, алаяқтар сапалы көшірме жасауға мүдделі емес.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу