Бекболат Әбдіқадыров Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Бекболат Қайырбекұлы 1975 жылы 4 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
2005 жылы төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын "Өрт қауіпсіздігі" мамандығы бойынша бітірген. 2007 жылы Көкшетау униварситетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.
Азаматтық қорғау органындағы еңбек жолын 1998 жылы өрт сөндіруші лауазымынан бастаған. Осыған дейін 1993-1997 жылдары аралығында Стратегиялық мақсаттағы зымыран әскері қызметінде әр түрлі лауазымдарды қатардағы жауынгерден офицерге дейін қызмет атқарды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу