Маңғыстау облысына 400 вагоннан астам шөп жеткізілді – ҚТЖ

667

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовтың айтуынша, өңірде 5 мың мал басы қырылды деген ақпарат жалған.

Маңғыстау облысына 400 вагоннан астам шөп жеткізілді – ҚТЖ

Биылғы ауа райы шаруалардың көңілін көншітпеді. Қуаңшылықтан ең қатты зардап шеккен өңір – Маңғыстау облысында төрт түлік жайылымнан күйсеуге шөп таппай, қырылды. Табысын да, тамағын да малмен тауып отырған шаруаларға көмек беруден өңірлер қалыс қалған жоқ.

"Жүк Атбасар, Арқалық, Шелек, Тараз, Шу, Сарыағаш, Арыс, Түрксіб, Шымкент және басқа да станциялардан жөнелтіледі. Тағайындау станциялары-Маңғыстау, Өзен, Шетпе, Бейнеу, Сексеуіл және басқалар. Шөптің негізгі бөлігі "Қазтеміртранс" АҚ меншігіндегі вагондарға тиеледі", – дейді "ҚТЖ" баспасөз қызметінен.

Биылғы жылдың шілде – тамыз және қыркүйек айының 14 күні аралығында еліміздің құрғақшылықтан зардап шеккен батыс өңірлеріне 413 вагон сығымдалған шөп жеткізіліпті. Оның ішінде шілдеде –  167 вагон, тамызда – 202 және қыркүйектің екі аптасында – 44 вагон.

"Қыркүйек айында барлығы 176 вагон жоспарлануда", – деп отыр "ҚТЖ".

Айта кетсек, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовтың сөзінше, өңірде 1 163 мал өлген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу