Маңғыстау облысында жеті айлық бала телефонмен ойнап жатып көз жұмды

1058

Маңғыстау облысында жеті айлық бала телефонмен ойнап жатып көз жұмды

Жеті айлық қыз баланың өліміне қатысты полициялар түсінік берді, деп хабарлайды informburo.kz.

 "2016 жылғы 3 желтоқсан сағат 09:25 шамасында Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында 2016 жылы туған сәби қайтыс болды. Бұл фактіні келіп жеткен тергеу-жедел тобы растады. Аталмыш факті СТБТ-ға тіркеуге алынды. Сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп хабарлады Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Жеті айлық бала анасының ұялы телефонымен ойнап жатып көз жұмды. Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының мәліметі бойынша, анасы қызымен бірге ұйқыға жатқан. Осы сәтте қасында ұялы телефонқуат көзіне қосулы тұрған. Арада біраз уақыт өткенде әйел ұйықтап кетеді. Ата-анасы баласының қайтыс болғанын тек таңертең ғана білген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу