Маңғыстау облысындағы дәрі-дәрмек қоры 2-3 айға жетеді

1156

Коронавирустық инфекцияны емдейтін дәрілердің бағасы 27% төмендетілді.

Маңғыстау облысындағы дәрі-дәрмек қоры 2-3 айға жетеді

Маңғыстау облысында дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрсұлу Мұхамбетярова мәлім етті.

Оның айтуынша өңірдегі 7 қоймада дәрі-дәрмектің қоры 2-3 айға жеткілікті. Ал коронавирустық инфекцияны емдейтін дәрілердің бағасы 27% төмендетілді. Бұйрық 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген.

"Үстеме бағаның белгілі бір деңгейі болады, оның үстіне қосымша бағаны қоюға, алыпсатарлықпен сатуға болмайды. Мәселен, бір дәріханада бір дәрінің бағасы басқа дәріханаға қарағанда әлдеқайда жоғары екенін көруге болады. Сондықтан, шектеу бағалар бекітілді. Басты міндет – бағаның ауытқуы тек белгіленген шеңберде ғана болуын қамтамасыз ету. Көтерме және бөлшек саудада, ТКМКК және МӘМС жүйесінде дәрілік заттардың саудалық атауларының шекті бағалары үстеме бағаның регрессивті шкаласына сәйкес қалыптастырылады", – деді Нұрсұлу Мұхамбетярова.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу