Маңғыстау облысының әкімі ұшақ апаты болған жерге барды

Бұған дейін Ақтау маңында ұшақ апаты болғаны хабарланған еді.  

Маңғыстау облысының әкімі ұшақ апаты болған жерге барды Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай оқиға орнына барып, құзырлы органдарға тапсырма берді, деп жазады inbusiness.kz сайты

Өңір басшысы оқиғаның мән-жайынмен танысып, құтқару жұмыстарының барысын бақылаған.

Сонымен қатар, барлық құзырлы органға тиісті тапсырмалар берген және барлық жағдай облыс әкімінің жеке бақылауында болатынын жеткізген.

Еске салайық, бұған дейін Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты Президент тапсырмасымен арнайы комиссия құрылғанын жазған едік.

Сондай-ақ, оқыс оқиғадан бес адамның жансақтау бөліміне түскені, ұшақта қазақстандықтардың да болғаны хабарланды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу