Маңғыстауда пойыз автокөлікпен соқтығысты: зардап шеккен адамның жағдайы белгілі болды

405

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасы мамандары пойыздың жеңіл автокөлікпен соқтығысу салдарынан жарақат алған ер адамның жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Маңғыстауда пойыз автокөлікпен соқтығысты: зардап шеккен адамның жағдайы белгілі болды Фото: yandex.kz

"1971 жылы туған зардап шеккен ер адамның оң жақ иық сүйегі мен бірнеше қабырғасы сынған. Қазіргі уақытта науқас жалпы хирургия бөлімінде жатыр. Жағдайы орташа ауыр. Науқас дәрігерлердің бақылауында", - деп хабарлады облыстық аурухананың баспасөз қызметі.

Айта кетсек, жол апаты 8 маусымда сағат 16:54 шамасында Мұнайлы ауданындағы теміржол өткелінде болған. "Лада-15" автокөлігінің жүргізушісі пойызға жол бермей, соқтығысқан. ЖКО салдарынан зардап шеккен екі адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Олардың бірі медициналық көмек көрсеткеннен кейін үйіне жіберілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін, Маңғыстау облысында жеңіл көлік пойызбен соқытғысқанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу