Марат Тәжин Чехия президентіне сенім грамоталарын табыстады

832

Кездесу барысында Милош Земан екіжақты саяси, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың даму болашақтарын атап өтті.

Марат Тәжин Чехия президентіне сенім грамоталарын табыстады

Қазақстанның Чех Республикасындағы Елшісі Марат Тәжин Чех Республикасының президенті Милош Земанға сенім грамоталарын табыстады, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Милош Земан екіжақты саяси, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың даму болашақтарын атап өтті.

Чех Республикасы Президентінің айтуынша Қазақстан Чехия үшін Орталық Азия және ТМД елдерінің ішіндегі басымдыққа ие елдердің бірі.

Өз кезегінде Қазақстан Елшісі Марат Тәжин чех тарапына Қазақстанның халықаралық бастамаларында, экономикалық, саяси және гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы мәселелерде қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу