Марат Тәжин жаңа қызметке тағайындалды

1803

Ол еліміздің Чехиядағы елшісі қызметін атқарады.

Марат Тәжин жаңа қызметке тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Марат Тәжин 1960 жылы сәуірдің 8-інде Ақтөбе қаласында туған.

Алматы халық шаруашылығы институтын және С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. Әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор.

1992 жылға дейін ғылыми-оқытушылық қызметпен айналысты.

1992 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинетінің Аппаратында: Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары, осы бөлімнің меңгерушісі, ҚР Президенті Аппараты Басшысының орынбасары және Ақпараттық-талдау орталығының басшысы.

1994-95 жж. — Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік кеңесшісі.

1995-99 жж. – Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары және Президент Әкімшілігі Талдау және стратегиялық зерттеу орталығының басшысы.

1999-01 жж. – Президенттің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.

2000 ж. – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының төрағасы міндетін атқарды.

2001 ж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарды.

2002 ж. – Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.

2002 ж. тамыз айынан бастап – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Бірінші орынбасары.

2006 ж. сәуір айынан бастап – Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.

2007 ж. қантардың 11-інде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

2009 жылғы 4 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып тағайындалды

2013 жылдың 16 қаңтар күні Президент өкімімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы ретінде тағайындалды. Бұл қызметте ол Мұхтар Құл-Мұхамедті ауыстырған болатын.

2014 жылдың 11 ақпан күні ҚР-ның РФ-ғы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

2017 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.

2019 жылғы 1 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды.

"Құрмет" (2002), І дәрежелі "Барыс" (2007), ІІ дәрежелі "Барыс" (2016) ордендерімен және алты медальмен марапатталған.

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының құрметті қызметкері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу