Мәсімов ҚР ұлттық агроөнеркәсіп палатасының басшысы болып сайланды

1081

Мәсімов ҚР ұлттық агроөнеркәсіп палатасының басшысы болып сайланды

"Қазақстан ұлттық агроөнеркәсіп палатасы" заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер Қауымдастығы құрылтайшыларының жалпы жиналысында Орталық кеңес төрағасы А.  Игібаевтың ұсынысымен Мәсімов Қажымқан Қасымұлы "Қазақстан ұлттық агроөнеркәсіп палатасының" президенті болып сайланды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Қазақстан ұлттық агроөнеркәсіп палатасының" вице-президенті болып Әбубәкіров Серік Абдулахметұлы сайланды.

"Қазақстан ұлттық агроөнеркәсіп палатасы" 2009 жылы қыркүйек айында фермерлік қоғамдық бірлестіктер мен "Қазақстан агроодағы" ұйымының базасында құрылды, деп атап өтті палатаның баспасөз қызметі.

Мәсімов Қажымқан Қасымұлы 1939 жылы 18 сәуірде Талдықорған қаласында туған. "Мәсімов сауықтыру орталығы" ЖШС бас директоры.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу