Мәсімовтің зәулім үйі Астана әкімдігіне де керек болмай шықты

205

Бұл сарай аукционда да өтпей жатыр.  

Мәсімовтің зәулім үйі Астана әкімдігіне де керек болмай шықты Фото: ҰҚК

Астана қаласының әкімдігі 18 жылға сотталған Кәрім Мәсімовтің елордадағы зәулім сарайын коммуналдық меншікке қабылдамайтыны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты

"Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы қазіргі таңда аталған ғимаратты коммуналдық меншікке қабылдау жоспарланып отырмағанын хабарлайды", – деп жазды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, ақпан айында Қайтарылған активтерді басқару компаниясы Кәрім Мәсімовтің елордадағы зәулім үйін сатылымға шығарды. Жақында оның үйіндегі заттар аукцион арқылы сатылуы мүмкін екенін жазғанбыз.

ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу