Мәскеуде Байқоңыр ғарыш айлағын дамыту мәселелері талқыланды

1268

Мәскеуде Байқоңыр ғарыш айлағын дамыту мәселелері талқыланды

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Мәскеуде РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесті.

Тараптар екі ел арасындағы ғарыштық және әскери-техникалық салалардағы ынтымақтастықтың даму келешегі мен қазіргі жағдайын қарастырды.

Бұдан өзге, "Байқоңыр" кешеніндегі ынтымақтастықты жалғастыру Тұжырымдамасын дайындау туралы, Байқоңыр қаласының статусы туралы мемлекетаралық келісімге өзгерістер енгізу туралы және т.б. нақты сұрақтар талқыланды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастардағы барлық сала бойынша әрі қарай нығайтудың қажеттігі туралы ниеттерін білдірді.

primeminister.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу