Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев сайлауда өз дауысын беріп, бүгінгі науқанның ашық әрі әділ өтетіндігіне сенім артты.
"Бүгін – маңызды күн. Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Сайлау – саяси реформалардың бір бөлігі және маңызды. Саяси науқан жаңарған заңнаманың негізінде өтіп жатыр. Былтыр референдум өтіп Конституциямызға үлкен өзгерістер енгізілді. Одан бөлек, біраз заңдар қабылданды. Бір мандатты округтен сайланудың енгізілуі қоғам тарапынан жақсы қабылданып жатыр деп айтуға негіз бар", - деді Мәулен Әшімбаев сайлауда дауыс берген соң БАҚ өкілдеріне.
Еске салайық, осыған дейін Мемлекет басшысы Астанадағы Оқушылар сарайында орналасқан №59 сайлау учаскесінде дауыс бергенін жазған болатынбыз. Сонымен қатар Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, Үкімет басшысы Әлихан Смайылов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин де өз таңдауын жасаған болатын.