Мәжіліс депутаты Никита Шаталов: "Көмірмен дем алғанымызды қаламаймын"

177

Бүгін Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша Астанада өткен жария талқылауға қатысқан Мәжіліс депутаты Никита Шаталов көмір электр станцияларына, атап айтқанда Қарағанды облысына жасаған сапары туралы айтты. 

Мәжіліс депутаты Никита Шаталов: "Көмірмен дем алғанымызды қаламаймын" Фото: maslihat.kz

Оның сөзінше, қала Топар ГРЭС-інен шығарылған күлге толы.

Көмірдің күлі 60 жылдан бері жиналған, нәтижесінде "күл далалары" қалыптасқан, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бұл ретте Мәжіліс депутаты бір мысал келтірді: АҚШ-тағы атом энергетикасы осындай кезеңде супермаркет көлеміндей ғана атом қалдықтарын шығарған.

"Меніңше, радиоактивті қалдықтар туралы айтқан кезде нені таңдайтынымыз белгілі. Бұл күлдің де "фоны" бар, жел соққан кезде ол Топар қаласына да әсерін тигізеді. Пәтерлерге кіріп, өкпеге түседі. Бұл онкологиялық аурулар тудырады, еліміз мұндай жағдайға бұрын да тап болған", - деді спикер.

Сондай-ақ Никита Шаталов еліміздің экономиканы декарбонизациялау бағытына сәйкес болашақта көмір мен басқа да ластаушы генерацияны пайдалана отырып өндірілген әрбір өнім үшін тікелей ақшалай санкциялар енгізілетінін еске салды.

"Көмір шығаратын өңір Қарағанды облысының тумасы ретінде айтарым, мен көмірмен дем алғанымызды қаламаймын. Америкалық атом өнеркәсібі 60 жыл ішінде шығарған супермаркет көлеміндей ғана қалдықты біздің тұрғын үйлеріміздегі пеш 5-7 жыл ішінде шығарады", - деп атап өтті Никита Шаталов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу