Мәжілісте Су кодексінің жобасы талқыланады

347

Парламенттің төменгі палатасына жаңа заң жобалары келіп түсті.

Мәжілісте Су кодексінің жобасы талқыланады Фото: freepik.com

Мәжіліс депутаттары Су кодексінің жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"17 қаңтарда Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті Мемлекет басшысының 2022 жылғы 8 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес әзірленген Су кодексінің жобасын және ілеспе заң жобасын жұмысқа қабылдады. Жалпы су пайдаланудың 60 пайыздан астамы ауыл шаруашылығы саласының үлесіне келетінін ескеретін болсақ, Су кодексінің жобасын, сондай-ақ салалық Министрліктің мәселелерін Аграрлық мәселелер комитетінің қарауына беруді орынды деп санаймыз", - деді депутат Серік Егізбаев.

Құжат Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетімен келісілді.

"Комитет аталған заң жобаларын жұмысқа алуға және олар бойынша қорытынды әзірлеуге дайын", - деді мәжілісмен.

Бұдан басқа депутаттар "Қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау туралы" және "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобаларын жұмысқа қабылдады.

Айта кету керек, осыған дейін Мәди Тәкиевтің депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғанын жазған болатынбыз. Мәжілістің жаңа сайланған депутаты Айтуар Қошмамбетов ант берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу