Депутаттардың жасырын дауыс беруі үшін Мәжіліс залында арнайы кабиналар жабдықталып, сайлау жәшігі орнатылған. Дауыстарды санау үшін Есеп комиссиясы жасақталды. Оның төрағасы - Мәжіліс депутаты Мұхтар Ерман болып сайланды. Ал хатшысы - Айгүл Нұркина болды.
Мәжіліс Спикері қызметіне сайлану үшін бюллетеньге "Nur Otan" партиясы фракциясының депутаттары ұсынған Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасы енгізілген.
Қымбат Нұрғали
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу