Кездесуде Ө.Шөкеев Мемлекет басшысына "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының биылғы 9 айда атқарған жұмысының қорытындысы, сондай-ақ трансформациялау және жекешелендіру бағдарламаларының іске асырылу барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Аталған кезеңде қордың қаржылық және өндірістік көрсеткішінің өсімі оң қарқын алғаны байқалады. Мәселен, оның табысы былтырғымен салыстырғанда 115%-ға өсті.
Жекешелендіру бағдарламасы аясында қор тобының 216 нысанын бәсекелік ортаға шығару жоспарланып отыр. Бүгінгі күні экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия 133 активтің сатылу әдісін мақұлдады. Қазірдің өзінде жалпы құны 7,4 млрд теңге болатын 39 актив сатылған.
Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының трансформациялау бағдарламасының тиімділігін арттырып, нақты нәтижелерге қол жеткізу қажеттігіне назар аударды.
Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар тапсырма берді.