Мемлекеттік басқару арасында өкілеттіктер қайта бөлінбек

887

Жауаптылардың айтуынша, барлығы 5 кодекс пен 50 заңға өзгеріс енгізілмек.

Мемлекеттік басқару арасында өкілеттіктер қайта бөлінбек

Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктер қайта бөлінбек. Тиісті заң жобасы Мәжілісте таныстырылды, деп хабарлайды Atameken Business.

Жауаптылардың айтуынша, барлығы 5 кодекс пен 50 заңға өзгеріс енгізілмек.

Нақты айтсақ, Үкіметтен Денсаулық сақтау министрлігіне санаторлық-курорттық емдеу ұсынылатын аурулардың тізбесін айқындау құқығы өтпек. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен жергілікті атқарушы органдарына шекара маңындағы жол белгілерін орнату функциясы берілмек. Ал тарихи-мәдени құндылығы бар жазбалар енді Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде емес, Мәдениет және спорт министрлігінде сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу