Преизенттік жастар кадрлық резервінің мүшелерімен кездескен Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдар жанынан құрылған кеңселік жобалардың тиімділігін тексеру керек деген пікір айтты.
"Норвегия, Жаңа Зеландия, АҚШ мемлекеттік аппарат қызметіне Agile қағидаттарын, яғни ақылға қонымды икемділік принциптерін енгізудің тиімділігін белсенді зерттеп жатыр. Көптеген елде Ұлбыританияның тәжірибесі бойынша Project management жүйесіне көшіп, жобалық кеңселер құрып жатыр. Бізде де осыған ұқсас талпысынтар қолға алынуда. Әрине ол кеңселердің тиімділігін мұқият зерттеу керек болады. Біз мұндай тәжірибені қолдаймыз. Аталған жаңашылдықтардың ортақ мақсаты – адамдарға жақын болу. Бір сөзбен айтқанда бұл мемлекеттің сервистік моделі деген сөз. Қазақстанға да мемлекеттік басқарудың қоғам сұранысына сергек қарайтын, тиімді әрі әділетті жаңа моделі қажет. Мұндай жүйе ең озық технологияларға негізделуге тиіс. Осының бәрін есекере келіп, мемлекеттік басқару жүйесін реформалауға көштік. Биылдан бастап мемлекеттік қызметшілер саны біртіндеп азая бастайды. Одан босаған қаржы неғұрлым пайдалы жұмысшыларды ынталандыруға жұмсалады. 2024 жылы мемлекеттік қызметшілерді, олармен бірге ұлттық компания жұмысшыларын да 25%-ға азайту жоспарланған. Бұл механикалық тұрғыда емес, функционалды қайта қарау арқылы іске асады. Яғни мемлекеттік қызметке жат функцияларды аутсорсингке немесе азаматтық қоғамға тапсыру арқылы жүзеге асады", – деді Президент.