Мемлекеттік меншіктегі мектеп пен колледжді жеке меншікке беруге тыйым салынбақ

379

Бұдан бөлек мектептер мен колледждердің таза табысын өздеріне қалдыру туралы арнайы норма да бар.

Мемлекеттік меншіктегі мектеп пен колледжді жеке меншікке беруге тыйым салынбақ Фото: inbusiness.kz

Мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"Келесі бағыт білім бері ұйымдарының еркіндігін кеңейту. Бүгін білім беру ұйымдары үшін типтік штаттар бекітілген, яғни сыныптардың санына байланысты мекемеде осыншама орынбасар, есепші, болу керек деп бекітіледі. Бірақ мекеме басшысында осы штаттарды тиімді пайдалану үшін қажеттілігі жоқ лауазымды, керегіне алмастыруға дербестігі жоқ. Сондықтан заң жобасында бекітілген штат санының шеңберінде, штат кестесінің лауазымдарын ауыстыру құқығы беріледі. Ол қалай жұмыс істейді? Мысалы, типтік штатқа байланысты мектеп директорында 7 орынбасары болу керек болса, ол өзі орынбасарларының санын азайтып, мысалы 4 орынбасарды қалдырып, үшеуінің орнына психолог, әлеуметтік педагог немесе заңгер сияқты қажетті қызметкерлерінің лауазымдарын енгізе алады. Білім бөлімімен штат кестесін келіскенде бұны жылына бір рет жүзеге асыра алатын болады", -деді құжатты таныстырған депутат Асхат Аймағамбетов.

Бұдан бөлек колледждер мен мектептерге ақылы қызметтен түскен табысын, білім беру мекемесінің өзі, сол ұйымды дамыту үшін жұмсау құқығын беру бойынша нормалар да көзделген. Мектептер мен колледждердің таза табыстарын өздеріне қалдыру туралы арнайы норма да енгізіліп отыр. 

"Технологиялардың дамуы қашықтан оқыту мүмкіндіктерін кеңейтіп, біршама мамандықтар бойынша онлайн оқу үрдісі кең тарады. Бірақ зерттеулер педагогикалық, медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша онлайн білім алудың қаупі бар екенін көрсетеді. Сондықтан жобада колледждер мен университеттерде педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша қашықтықтан білім алуға тыйым салыну туралы норма енгізілді", - деп жалғастырды мәжілісмен.

Заң жобасында мемлекеттік меншіктегі мектеп пен колледждерді жеке меншікке беруге тыйым салатын норма бар. 

"Бұл өте маңызды норма. Сәйкесінше енді барлық мемлекеттік білім беру мекемелері жекешелендіруге жатпайтын болады. Еңбек нарығы жылдам өзгеріп, жаңа практикалық дағдыларды қажет етуде. Біздің колледждер мен университетер, оқуды аяқтаған студенттерге диплом мен әр пән бойынша бағасы көрсетілген қосымша ақпаратты береді. Бірақ ол бүгінгі таңда жеткіліксіз ақпарат. Осыған орай қазір берілетін диплом мен транскриптке қоса, оқу барысында игерген нақты құзыреттіліктері мен дағдылары туралы ақпарат беретін құжат беру құзыреттілігі де жобада қарастырылып отыр", - деді Асхат Аймағамбетов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу