banner

Мемлекеттік сатып алу: 288 млрд теңгеге заң бұзушылықтар анықталды

1851 аудиторлық іс-шара өткізілген.

Мемлекеттік сатып алу: 288 млрд теңгеге заң бұзушылықтар анықталды

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Биылғы жылдың 9 айында шамамен 10 трлн теңге сомасына 475 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу рәсімдері камералдық бақылаумен қамтылды. Тексеру қорытындылары бойынша 31 650 рәсімде бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілері бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың 93% орындады. 1 851 аудиторлық іс-шара өткізілді. Аудитпен шамамен 3,6 трлн теңге бюджет қаражаты қамтылды. 288 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды", – деді Жамаубаев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, тауарларды жеткізу, қызмет көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есепке алу жолымен 272 млрд теңгеге бұзушылықтар жойылды. Аудит объектілері қызметін жетілдіру және тиімділігін арттыру үшін 1638 ұсыным берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу