Мемлекеттік сатып алу: отандық өндірушілердің үлесі қандай

968

Мемлекеттік органдармен салыстырғанда квазимемлекеттік сектор жергілікті қамтуға басымдық береді. 

Мемлекеттік сатып алу: отандық өндірушілердің үлесі қандай

Биылғы жылдың наурыз айынан бастап елдегі іскерлік белсенділік біртіндеп қалпына келе бастады. Мәселен 1 тамызға қарай Қазақстан Республикасындағы іскерлік белсенділік индексі 50,8-ді құрап, оң деп есептелді. Өз кезегінде жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны бір жыл ішінде 3,8%-ға өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

Осыған қарамастан, кейбір қалаларда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санының төмендеуі байқалады. Мысалы, қаржы орталығы – Алматыда жұмыс істейтін ШОБ саны 0,3%-ға, Шымкентте 1,5%-ға қысқарды.

Естеріңізге сала кетейік, пандемия жағдайында ШОБ-ты қолдау мемлекеттік саясаттың басым міндеті болып табылады, оның аясында көптеген шаралар қабылданды.  Жергілікті кәсіпкерлерді қолдаудың маңызды шараларының бірі - мемлекеттік сатып алуда жергілікті қамту үлесін арттыру.  Жергілікті және атқарушы органдарға, орталық мемлекеттік органдарға, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бірнеше рет отандық тауар өндірушілерге ерекше назар аудару тапсырылды.
 
Бұл ретте барлық мемлекеттік сектор субъектілері тапсырыстарды орындамайды. Биылғы жылдың 10 шілдесінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттік сатып алуда жергілікті қамтудың деңгейі төмен екені анықталғанын атап өтті.  Сатып алу көлемінің 1,7 трлн теңгеге өскенімен отандық тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің үлесі 0,2%-ға азайып, 41,4%-ды құрады.

Мемлекеттік органдармен салыстырғанда квазимемлекеттік сектор жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген. Мысалы, егер мемлекеттік органдардың сатып алуларындағы жергілікті қамтудың үлесі 40%-дан сәл жоғары болса, онда тікелей "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының сатып алуында ол 77%-ға жетті. Бұл ретте "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесі 58,2%-ды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу