Мешітке келушілердің жеке заттарын қолды еткен ұры ұсталды

1214

Күдікті Алматы қаласы ІІБ уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Мешітке келушілердің жеке заттарын қолды еткен ұры ұсталды

Алматы облысы Наурызбай ауданының аумағында намаз кезінде мешіттердің кіре берісіндегі жеке мүліктерді ұрлайтын күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурызбай ауданы полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Дидар Ахановтың айтуынша, 27 жастағы жігіт намаз уақытында мешітке келушілердің ілулі сырт киімдерінің қалтасын тексеріп, ақша ұрлаған.

Күдікті Алматы қаласы ІІБ уақытша ұстау абақтысына қамалған. Сонымен қатар, оның басқа қылмыстарға қатыстылығы да тексеріледі.

Қазір қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігімен көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу