Люксембургтың Шиффланж қаласында өткен халықаралық турнирде қазақстандық Михаил Литвин жеңіске жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстан командасының мүшесі 400 метрге жүгіруден топ жарды. Оның уақыт көрсеткіші – 46.24. Екінші орынды франциялық жеңіл атлет Кристофер Налиали иеленді. Үшінші орында америкалық Майкл Берии.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу