Микроқаржы ұйымдары қолжетімді қарыз көзіне айналды

917

Барлық микрокредиттердің 96% - кепілсіз.

Микроқаржы ұйымдары қолжетімді қарыз көзіне айналды

СOVD-19 дәуірінде ҚР экономикасы, жалпы жаһандық экономика сияқты, айтарлықтай төмендеді. Экономикалық белсенділік локдаун мен басқа да карантиндік шаралардың қысымында. 2020 жылдың көп бөлігінде ҚР-дағы іскерлік белсенділік индексі теріс аймақта болды, яғни 50*-ден төмен. Болжамға сай шағын және орта бизнес бәрінен көп зардап шекті.

Ranking.kz жазуынша, 2021 жылғы 1 сәуірге қарай уақытша белсенді емес шағын кәсіпорындар саны бір жылда 21,7%-ға өсіп, 119,6 мың бірлікке дейін жеткен. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығару көлемі бір жылда 5,4% -ға қысқарып, 32,7 трлн теңгені құрады.

Тұтастай алғанда, конъюнктуралық зерттеулер басым бөлігі ШОБ субъектілерінен тұратын кәсіпорындарымыздың қызметіне кедергі келтіретін негізгі факторлар қаржыландыру проблемаларымен және ақша қаражатының жетіспеушілігімен байланысты екенін көрсеткен. Оған төмендегі себептерді жатқызуға болады:
* меншікті ақша қаражатының жеткіліксіздігі;
* айналым қаражатының жеткіліксіздігі;
* несие және қарыз қаражатының жеткіліксіздігі;
* банктік қарыздардың қолжетімсіздігі.

Сонымен қатар, шағын және орта бизнесте пандемияға дейін қаржыландыру проблемалары болатын. Мысалы, 2017-2019 жылдары шағын бизнес субъектілеріне ҚР ЕДБ қарыздарының көлемі біртіндеп төмендегені байқалды. Осылайша, 2019 жылдың соңына қарай сектордағы кредиттік портфель 2016 жылмен салыстырғанда 1 трлн теңгеге төмендеді. Яғни, іс жүзінде банк қарыздары ШОБ субъектілері үшін қолжетімсіз болды. 2020 жылы банктердің кредиттік қоржынында шағын бизнестің қарыздары көлемінің ұлғаюы байқалды. Бұл жолы өсімнің негізгі себебі секторды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру болды.

Жалпы алғанда, шағын бизнес банктерде қарыз ресімдеу кезінде мынадай проблемаларға тап болады: ресімдеу кезіндегі бюрократия; ресімдеу мерзімі бірнеше жұмыс күнін алуы мүмкін; кредит тарихына қатаң тәуелділік; қарызының мерзімі өтіп кеткен клиенттің кредит алу мүмкіндігі аз; кепіл немесе кепілгерлік қажеттілігі; бас тартудың үлкен пайызы. Қарыз алушының тұрғылықты жері де рөл атқарады. Яғни, банктердің клиенттері негізінен қалалық кәсіпкерлер, ал барлық үлкен ауылдық жерлер іс жүзінде банктік мүдделерден тыс қалады.

ШОБ үшін баламалы қаржыландыру көзі – микроқаржы ұйымдары (МҚҰ). МҚҰ несие қоржыны жылдан жылға қарқынды өсіп келеді және сектор шағын бизнеске қаржыландыруды ұсынады. Осылайша, 2020 жылдың соңына қарай берілген қарыздар сомасы 418,1 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 42,5% артық.

2020 жылы кепілсіз микрокредиттердің онсыз да жоғары үлесінің айтарлықтай өсуі байқалады. Осылайша, кепілсіз микрокредиттер сомасының үлесі 60%-ды құрады (бір жыл бұрын — 47%), ал сандық мәнде олардың үлесі 96% - ға дейін ұлғайды (бір жыл бұрын-79%). 

Серік Селеубайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу