4 қазан күні спорттық гимнастикадан Венгриядағы әлем кубогінің финалдық кезеңі өтті. Ақтық сын қорытындысы бойынша Қазақстан командасы тағы екі жүлдеге қол жеткізді деп хабарлайды Olympic.kz.
Команда мүшесі Милад Карими төрт жаттығу бойынша финалға шығып, екеуінде жүлдеге ілікті.
Атап айтар болсақ, Карими қоссырықтағы және кермедегі жаттығуда үздіктер қатарынан көрініп, екінші орынға табан тіреді. Ол бір күн бұрын өткен еркін жаттығуда жетінші, қол тіреп секіруден алтыншы нәтиже көрсеткен болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу