"Ұлттық жобалардың тағы бір бағыты – субсидияланатын жұмыс орындарын құру есебінен жастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу. Бүгінде олар бойынша жоспарлы көрсеткіштер орындалды, оларға 152 мыңнан астам адам жіберілді, оның 41% - ы жастар. Бұл шараның нәтижесі одан әрі тұрақты жұмысқа орналасу дағдыларын игеру болуы керек. Алайда, өңірлердің көпшілігі осы бағдарламаға қатысуды аяқтаған адамдарды тұрақты жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етпеді. Республика бойынша бұл көрсеткіш 34,8% - ды құрады. Ең жоғары көрсеткіштер Ақмола, Жамбыл, Қызылорда және Алматы облыстарында, ең төмен көрсеткіштер – Шымкент қаласында, Түркістан және Павлодар облыстарында. Жастарды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша да ахуал дәл осындай сипатта болып отыр. Жоғарыда айтылған 3 облыс мұнда да көш соңында тұр", – деді Тамара Дүйсенова.
Министр бүгінгі күні барлық ұлттық жобалар цифрландырылғанын, құрылған жұмыс орындары мен зейнетақы аударымдарының мониторингі Электрондық еңбек биржасы арқылы жүзеге асырылатынын айтты. Сондай-ақ платформа арқылы еңбек ресурстарының ұтқырлығына мониторинг жүргізіледі.
Соңғы 3 айдың өзінде ұлттық жобаларда көрсетілген 28,3 мың бос жұмыс орнының 4 мыңнан астамына басқа өңірлерден келген адамдар орналасқан.
"Еліміздің басқа өңірлерінен еңбек ресурстарын тарту бойынша көшбасшылар Алматы қаласы (1107 адам) және Қарағанды облысы (682 адам) болды. Жалпы, өңіраралық ағынның 58% - ы дәл осы өңірлерге тиесілі", – деді Тамара Дүйсенова.