Министрлік Ural мотоциклі Қазақстанда құрастылыратынын растады

701

Ural Motorcycles компаниясы Қазақстанда өндіріс орнын ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Министрлік Ural мотоциклі Қазақстанда құрастылыратынын растады

Ол соңғы күндері БАҚ-та Ural мотоциклінің өндірісін Қазақстанға көшіру мәселесі қызу талқыланып жатқанын атап өтті.

"Алдағы уақытта Ural Motorcycles зауыты Қазақстанда өндіріс орнын ашуды жоспарлап отыр. Ол Ресейдегі өндірісін тоқтатпайды, керісінше өндіріс ауқымын кеңейтіп жатыр. Олар бұл жобаны Петропавл қаласында жүзеге асырмақ. Бұл олардың қажеттілігі мен маркетингке байланысты. Өндірістің Қазақстан аумағына көшірілуіне жағымды әсер ететін бірнеше фактор бар", - деді төраға орынбасары ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, осыған дейін Ural мотоциклі Қазақстанда құрастырылатыны хабарланған еді. Кейін Ural Motorcycles елде жаңа зауыт ашатынын мәлімдеген.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу