banner

Минскіден келген ұшақ Нұр-Сұлтанға қона алмады

1261

Қарағандыға қондырылған ұшақтың жолаушылары карантинге жатқызылды.

Минскіден келген ұшақ Нұр-Сұлтанға қона алмады

Минскіден ұшып келген ұшақ Нұр-Сұлтанға емес, Қарағандығы қондырылды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтемемен Интерфакс-Қазақстан хабарлайды.     

"Минскіден Нұр-Сұлтанға ұшып келе жатқан ұшақ таңғы төртте Қарағандыға қонды. Бізге Қарағандығы қондыру керек деген тапсырма берілді. Бұл үкіметтің шешімі", – деп түсіндірді ведоствоның баспасөз қызметі.        

Сондай-ақ ведомство ұшақта болған 67 адамның барлығы карантинге алынғанын мәлім етті.

Айта кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 15 сәуірге дейін елде төтенше жағдай режимі енгізілгені белгілі. Ал Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары 19 наурыздан бастап карантинге жабылады. 18 наурыз күнгі жағдай бойынша елде 35 адам вирус жұқтырғаны белгілі болды.          
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу