Мобильді оператор "Қазақтелеком" құрамынан шығарылады

509

Өйткені еліміздегі мобильді байланыс сапасы сын көтермейді. 

Мобильді оператор "Қазақтелеком" құрамынан шығарылады Фото: google.com

Кселл мобильді операторы "Қазақтелеком" компаниясының құрамынан шығарылмақ. Бұл - байланыс нарығындағы монополияны азайтып, бәсекелестікті арттыру үшін әдейі қолға алынып отырған шара, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Өйткені еліміздегі мобильді байланыс сапасы сын көтермейді, соған қарамастан баға түспей тұр.

Қаладан ары ассаң мобильді байланыстың жоғалып кететініне қазақстандықтардың бой үйреткені қашан. Соңғы жылдары, өзге өңірді айтпағанда, Астананың кей аудандарында мобильді байланыс еміс-еміс ұстайды. Көпшілік шырылдап жатса да, құлақ асар ешкім жоқ. Өйткені бұл саланы монополистер басып алған. Былтыр көпшіліктің жүйкесін жұқартқан проблеманы шешуді Бәсекелестікпен байланыс агенттігі тауыпты.

"Қазақтелеком" АҚ өзінің еншілес байланыс ұялы операторларымен бірге, яғни, "Кселл" АҚ, сондай-ақ, "Мобайл сервис" қарамағындағы "Т2" және "Алтел" компанияларымен нарықтың 6 пайызын ұстап отыр. + 00 38 Осыған байланысты өткен жылы агенттік осы нарықтағы бәсекелестікті дамыту және мемлекеттің үлесін азайту үшін Экономиканы арттыру туралы комиссияға "Қазақтелеком" құрамындағы мобильді операторды бәсекелестік ортаға беру туралы ұсыныс тастаған еді", - деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз хатшысы Нұржан Сәдірбай.

Қазіргі таңда мобильді байланыс нарығында тек 2 оператор бар. Ол Билайн және "Қазақтелекомға" тиесілі "Алтел", "Актив", "Теле2" және "Кселл". Бірінің саясатын бірі қолдайтын бұл компаниялар байланыс нарығында бірдей "ойын" жүргізеді. Сондықтан депутаттар нарыққа шағын операторларға кіруге мүмкіндік беру керек, дейді.

“Қосымша шағын операторлардың нарыққа кіруін де Мәжіліс қабырғасында талқылап жатырмыз. Олар өте қажет. Ірі компаниялар бас сұқпайтын елді мекендерге осы шағын компаниялар қызмет ұсынатын болады. Заң бойынша тіркелу үшін ешқандай кедергілер жоқ, сондықтан нарыққа соларды тартуымыз керек”, - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева.

Сарапшылар ірі операторлар нарықта әбден дегенін істеп үйреніп алған деген пікірде. "Қаланың ішінде желі неге жоқ?" деген сауалға "Елде радиофобия" деп жауап қайыруды әдетке айналдырып алған дейді Арман Әбдірасылов.

"Мәселе талқыланып жатыр, оған 1-2 жыл болып қалды. Одан кейін мобильді байланыстың сапасы артады деп ешкім уәде бере алмайды. Өйткені үкіметте жұмыс істеп жатқан адамдардың сөзі "тырысамыз, жұмыс істеліп жатыр, мүмкін" деген сөздерді айтады да. Егер уәде бере болатын болса бір жөн", - деді халықаралық сарапшы Арман Әбдірасылов.

Осылайша өткен жылдың соңында бөлек шығарылады деген "Кселл" акциялары кімге сатылатыны белгісіз. Мамандар, байланыс операторы шетелдік ірі компанияның еншісіне берілсе ғана елдегі жағдай өзгеруі мүмкін, дейді. Ал әлі шешім қабылдамаған Бағдат Мусин бастаған министрлік "Кселдің" кімге сатылатынын және жұмыстың қай деңгейде екенін айтудан бас тартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу