Моңғолияда өтетін Grand Slam жарысына қатысатын Қазақстан дзюдо құрамасы анықталды

414

Ұланбатырдағы жарыста Қазақстаннан 17 спортшы ел намысын қорғайды.

Моңғолияда өтетін Grand Slam жарысына қатысатын Қазақстан дзюдо құрамасы анықталды

23-25 маусым аралығында Моңғолия астанасы Ұланбатырда дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұланбатырдағы жарыста Қазақстаннан 17 спортшы ел намысын қорғайды.

Ерлер:

1. Нұрқанат Серікбаев (-60кг)

2. Шерзод Давлатов (-60кг)

3. Ғұмар Қырғызбаев (-66кг)

4. Ғұсман Қырғызбаев (-66кг)

5. Данияр Шамшаев (-73кг)

6. Жансай Смағұлов (-73кг)

7. Руслан Мұсаев (-81кг)

8. Абылайхан Жұбаназар (-81кг)

9. Ермахан Әнуарбеков (-90кг)

10. Аян Байғазы (-90кг)

11. Нұрлыхан Шархан (-100кг)

12. Бекзат Шағатаев (-100кг)

13. Әділ Оразбаев (+100кг)

14. Нұрсұлтан Қаблан (+100кг).

Әйелдер:

1. Ғалия Тынбаева (-48 кг)

2. Аруна Жангелдина (-78 кг)

3. Кәмила Берліқаш (+78 кг).

Аталған додаға 45 елден 350 дзюдошы қатысады деп жоспарланған.

Сайыс қорытындысында IJF ережелеріне сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлер әлемдік және олимпиадалық рейтингтер ұпайына ие болады.

Атап айтқанда, чемпиондарға 1000, күміс жүлдегерге – 700, ал 3 орын үшін 500 ұпайдан беріледі.

Еске сала кетейік, Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысын Қазақстан құрамасы 7 медальмен қорытындылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу