Мұғалімдер мамандық бойынша жұмыс таппай жүр

553

Өскеменде мұғалім мамандығын меңгеріп, жұмыс таппай жүрген жастар жетерлік.

Мұғалімдер мамандық бойынша жұмыс таппай жүр Фото: inbusiness.kz

Ұстаз болғысы келетін жас мамандар мектептерде бос орын бола тұра жұмысқа орналаса алмаймыз деп, шағым айтып хабарласты.

Айгерім мен Аяужанның бірі математика, екіншісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Айтуларынша қолдарына диплом алған күннен бері жұмыс іздеп келеді. Бірақ мамандық бойынша еш жерге орналаса алмаған. Барған жердің бәрінде "тәжірибе жоқ" деп шығарып салған.

"Жұмыс жоқ болған соң қайда барамыз. Кейбіреулер балабақшаға барып, тәрбиеші болады. Кейбіреулер няня болады. Тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс атқарады. Ал оның өзінің зарплатасы 90-100", - дейді Өскемен қаласының тұрғыны Айгерім Смаилова.

"Қазақ тілі әдебиеті пәні бойынша мұғалімдер көп" деді. Көп жерге бардым. Орындар таба алмадым. Енді міне бес жылдың көлемінде, мен осы 70 мыңның айналасында ғана жұмыс істеуге мәжбүр болып жүрмін", - дейді Өскемен қаласының тұрғыны Аяужан Хамзина.

Еліміз бойынша Еnbek.kz сайты арқылы жұмыс іздегендер бос жұмыс орнын ұсынғандардың санынан аз. Жалпы 40 мыңға жуық мұғалімнің орны бос. Оның 5 пайыздайы шығысқа тиесілі.

"Пәндерге келетін болса ең негізгі сұраныста бұл біріншіден жаратылыстану, математика және инженерлік пәндерді қамтитын мұғалімдер қазіргі үлкен сұранысқа ие. Оның ішінде математика бағыты бойынша қазіргі кезде бес мыңға жуық вакансиялар бар еліміз бойынша", - дейді "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ бас сарапшысы Мадияр Алдияров.

Шығыс Қазақстанда ауылды жерлерде мұғалім жетіспейтіні шындық. Жастардың көбі оқуын аяқтаған соң қалада жұмыс істегісі келеді. Десе де көптеген мектептерде зейнет жасындағы ұстаздардың әлі қызмет етіп жүргені жасырын емес.  

"Өзінің шама-шарқына қарай істеп, жастарға орын берсе. Жастардың энергиясы көп. Өздерінің алға қойған мақсаттары бар. Сонымен ұйымдастырғылары келеді", - дейді зейнеттегі педагог Рысалды Құмарбекова.

Жастар грант арқылы тегін оқығандықтан ақшасын мемлекетке қайтару мәселесі тағы бар. Ал мамандық бойынша жұмыс таппай кездескен жұмысты істеуге мәжбүр болған мамандар, бірнеше жыл өткен соң өз мамандығына оралуы екіталай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу