Тиісінше, министр Ақмарал Әлназарова бұл жұмыстарға ғылыми тұрғыда кіріскенін айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.
– Біз мүгедектіктің өсу себептеріне байланысты тиісті ғылыми жобаларға байланысты 2025-27 жылдарға Ғылым және жоғары білім министрлігіне тиістіұсыныстарымызды, жобаларымызды жолдадық. Қолдау тапса, бұл жұмсытар ғылыми тұрғыда зерттеледі, – деді ол.
Соңғы 3 жыл ішінде балалар арасындағы мүгедектік 11 пайызға өсіп отыр. Негізі өсу себептерінің бірі – ерте диагностикалық әдістерінің қайта қаралуы. Министрдің айтуынша, 2021 жылдан бері ауитизмге байланысты ерте анықтау үшін жаңа скринингтар енгізілген. Туабітті аурулардың жоғары болуы – күрделі мәселе.
– Биылғы жылдың 1 наурыз айынан бастап 20 өңірдің барлығында орталық ашу жоспарлануда. 10 өңірде жүкті әйелдерді бір күндік клиникаларда генетикалық және туабітті ақауларды ерте анықтау жұмыстары басталып кетті. Бүгінге дейін 23 мың әйел толығымен қаралды. Бір күн ішінде барлық аймақтағы әйелдердің генетикалық, ультрадыбыстық, басқа да зерттеулер жүргізуіне мүмкіндік берілді. Осыған дейін 201 жүктілік, яғни өңірге сәйкес келмейтін, туабітті анемалалары бар жүктіліктердің алды алынды. Осындай жұмыстар жалғасады, – деп қорытындылады сөзін Әлназарова.