Мұхамедиұлы ісі: "Дипломат" қонақ үйіне қатысты іс қаралды

479

Арыстанбек Мұхамедиұлы сот отырысында өзін Цезарьге теңеп, сөз сөйледі.

Мұхамедиұлы ісі: "Дипломат" қонақ үйіне қатысты іс қаралды Фото: Голос Народа

Астанада "Дипломат" қонақ үйін тартып алу ісі бойынша сот отырысы басталды, деп жазады inbusiness.kz.

Сотталушылардың бірі — бұрынғы Мәдениет министрі және ҚР Ұлттық музейінің бұрынғы басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Экс-министрге ҚР ҚК-нің 249-бабы - "рейдерлік" 24-бабы, 3-бөлігі - "қылмысқа оқталу";

ҚР ҚК – нің 250 – бабы - "өкілеттіктерді теріс пайдалану", 28-бабы, 3-бөлігі - "қылмыстық құқық бұзушылық жасауды ұйымдастыру" бойынша айып тағылды.

Іс бойынша екінші сотталушы Гүлзат Жуаспаеваны қызметін асыра пайдаланды және құжаттарды қолдан жасады деп айыпталады. 

Айыптау қорытындысы бойынша, 2019 жылы "Дипломат" қонақ үй кешенінің иесі экс-министрден өзінің қонақ үйіндегі мәселелерді шешу үшін материалдық көмек сұрады. Сотталушы оған 2,5 млрд теңге беруге келісті, бірақ мұндай көмек үшін ол сенімді тұлғаға бизнестің 71%-ын ресімдеуді сұрады.

"71% үлесін алғаннан кейін ол қонақ үй кешенінің қызметін бақылауға алып, қазіргі қызметкерлерді өзінің сенімді адамдарымен алмастыруды, содан кейін жәбірленушіні құрылтайшылар қатарынан шығаруды жоспарлады", – деді прокурор.

Кейінірек Мұхамедиұлы жәбірленушіден бизнестің қалған 29%-ын беруді талап етті, бірақ оның талабы орындалмады. Содан кейін шенеунік қонақ үй қызметкерлеріне жәбірленушіні ғимаратқа жібермеуді тапсырды.

"Ол директорды ауыстыру бойынша ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысының хаттамасын дайындауға тапсырма берді. Осыдан кейін Мұхамедиұлының нұсқауы бойынша дауыс беру нәтижелері бұрмаланған хаттама жасалған", – деп есептейді айыптаушы.

Сайып келгенде, компания директорлары басшыны алып тастап, жәбірленушінің қызметіне кедергі келтіруді жалғастырған Мұхамедиұлының танысын осы қызметке тағайындаған.

Арыстанбек Мұхамедиұлының өзі айыптау нұсқасымен келіспеді.

"Мен маған тағылған айыптаулармен мүлдем келіспеймін. Бұл сот отырысы нағыз зұлымдықтың көрінісі ретінде тарихта қалады. Адамдардың үстемдігі мен заңсыздық орнады. Біз Рим империясының тарихынан Марк Бруттың қулық пен зұлымдықтың символы ретінде тарихта қалған әрекеті туралы жақсы білеміз. Бір топ қастандық жасаушылар-сенаторлар әділ күресте емес, Рим империясының тарихын жасаған адамға, Гай Юлий Цезарьға, оған көмектескен адамға пышақ сұғады. Гай Юлий Цезарь Бруттың зұлымдығына қарамастан, өзінің кемеңгерлігінен айырылмай, "Сен де, Брут" деген танымал сөздің авторы атанды", – деді ол.

Экс-министр сонымен қатар 2023 жылдан бастап жәбірленуші қаржылық мүмкіндіктері мен іскерлік байланыстары бар адамдарды жылдар бойы жұмыс істеген қылмыстық схемаға үш рет қатыстырғанын айтты.

"Өз проблемаларын қауіпсіз шеше отырып, Құқық қорғау органдарында заңсыз әдістерге жүгінеді және адамдарды түрмеге қамайды, бизнесті өзіне таңдайды — бүгінгі сот отырысы соның айқын мысалы", – деп атап өтті сотталушы.

Арыстанбек Мұхамедиұлы судья Абинур Қарабаевты Геракл болуға және істің әділетті шешімін шақырды. 

"Мен өлімнен не басқа да қауіптен қорықпаймын: менің отбасым да, өзім де өмірі ешкімнің ала жібін аттамадық. Менің өмірлік ұстанымым – шығармашылық пен әділеттілік. Авгий патшаның қорасын батыр тазартқан ежелгі батыр Геракл сияқты сіз де осы сот ісіндегі зұлымдық пен өтірікті тазартып, қаскөй Бруттың ізбасары – жәбірленушіні жазалайтыныңызға сенімдімін", - деп қорытындылады ол.

Жәбірленуші өз кезегінде сотталушы қол ұшын созғандай болып, алдап-сулап мүлкінен заңсыз айыруға тырысқанын айтты.

"Мұхамедиұлы оның үлкен мүмкіндіктері бар екенін және қазір бизнеспен айналыса алатынын, маған сенетінін және басқа жобаларға көмектесуге дайын екенін, 50-100 миллион доллар ол үшін проблема емес екенін айтты. Оған қоса ол жоғарыда таныстары көптігімен мақтанды. Осылайша, маған Мұхамедиұлының шұғыл өтініші бойынша материалдық көмек көрсетілді. Біз шарттарды талқыладық — кепілдіктерге бекіттік, алайда Мұхамедиұлының үлесін рәсімдегеннен кейін себепсіз тиісе бастады, тіркеуді рәсімдегеннен кейін менен сұрамай қалаған адамын қойды, ұнамағандарын жұмыстан шығарып, күн сайын жиналыс өткізіп қонақ үй қызметкерлерінің әбден зығырданын қайнатты", – деді ол.

Жәбірленуші оның басқармадан шеттетілгенін, қызметкерлерін жұмыстан шығарғанын, ешқашан қонақ үй бизнесінде жұмыс істемейтін министрлік қызметкерлерін жалдағанын атап өтті. Нәтижесінде қонақ үйдің миллиондаған шығынға батып, соның ішінде коммуналдық қызметтер төленбей келді.

"Жарты жылдан кейін мен 2,7 миллиард долларды қайтаруға дайын екенімді жарияладым – бұл қаржылық көмек ретінде көрсетілген сома, Мен бұл туралы жариялағанымда, оның әйелі Искакова маған түсініксіз және келісілмеген шығындар туралы хат жіберді. Мен ол кезде бизнесімді тартып алу әрекеті болып жатқанын да түсінбегенмін. Кейін қатаң талаптар қойыла бастады, нотариустар келді. Қол қоймасам түрмеге жабылатыным, блогерлер мен журналистер көмегімен абыройым айрандай төгілетіні айтылып, қысым жасалды", – деді сотталушы. 

Жәбірленуші экс-министрдің әрекеті оған материалдық және моральдық зиян келтіргенін алға тартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу