"Мульт" мультфильмдері қазақша "сөйлей" бастады

3364

Алғашқы кезең болғандықтан, тәулігіне 3 сағат хабар таратылуда. Келешекте қазақ тілінде хабар тарату уақытын көбейеді.

"Мульт" мультфильмдері қазақша "сөйлей" бастады

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ресейлік "Мульт" телеарнасымен өзара келісімге қол жеткізді, деп хабарлайды Елорда Инфо ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

Бұл келісімге сәйкес, телеарна өнімдері Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тілде көрсетіле бастайды. 

Биылғы жылдың сәуір айынан бастап "Мульт" телеарнасының эфирінен заман талабына сай түсірілген танымал мультсериалдар және балалар анимациясының озық өнімдерін кішкентай көрермендер қазақ тілінде тамашалай бастады.

"Алғашқы кезең болғандықтан, тәулігіне 3 сағат хабар таратылуда. Келешекте қазақ тілінде хабар тарату уақытын көбейтеміз деген жоспар бар. Қазір "Қағаздар" (Бумажки) және "Сүйкімді қонжықтар" (Ми-мишки) атты мультсериалдардың дубляжы толық аяқталды. Осы екі өнім "Қазақстан" РТРК" АҚ "Balapan" арнасының көрермендеріне көрсетіліп жатыр", –  деп жазды Дәурен Абаев.

Сондай-ақ, "Мульт" телеарнасы "Сказочный патруль", "Лео мен Тиг", "Четверо в кубе" және тағы басқа белгілі анимациялық сериалдарды біздің аудиторияға бейімдеуді жоспарлап отыр. Осылайша бүлдіршіндеріміз сүйікті мультфильмдерін мемлекеттік тілде тамашалайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу