Қазақстандық қоғамдық даму институты кішкентай көрермендерге алты сериядан тұратын қазақ тіліндегі мультипликациялық цикл жол тартады деп хабарлады. Мультфильмдер Ruh.kz порталының Youtube ресми арнасында көрсетіледі.
"Жылан тілімен шаға ма, тісімен шаға ма?" атты бірінші шығарылым Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларының негізінде жасалған. "Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде" атты екінші шығарылым Халел Досмұхамедұлының шығармаларына негізделген. Алдағы уақыт Ілияс Жансүгіров секілді басқа да қазақ қайраткерлерінің еңбектері "Білімқұмар Бейбарыс" мультфильміне арқау болады", – дейді порталдың бас редакторы Азамат Битан
Бас редактордың айтуынша, жобаның негізгі идеясы анимациялық фильмдер арқылы өскелең ұрпаққа гуманистік құндылықтарды насихаттау, мейірімді болуға үндеу, білім алуға шақыру, дүниені ана тілінде жетік танып білуге үйрету.
Жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және "қазақстандық "Рухани жаңғыру" қоғамдық даму институты" КеАҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.