Мұнай-газ, қаржы және құрылыс салалары жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің назарынан тыс қалып отыр

899

Ауыл тұрғындарының қалалықтарға қарағанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сенімі жоғары.

Мұнай-газ, қаржы және құрылыс салалары жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің назарынан тыс қалып отыр

2021 жылы Қазақстан Transparency International рейтингінде сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі (CPI) бойынша 102-орынға ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Transparency International – сыбайлас жемқорлықты зерттеу және оған қарсы күрес жөніндегі үкіметтік емес халықаралық ұйым.

Рейтингте 0-ден 100-ге дейін балл беріледі. 0 – сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейін, ал 100 – оның болмауын көрсетеді. Қазақстан тек 37 балл жинаған, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 1 балға төмен. 

Тізімде үздік үштікке Дания, Финляндия және Жаңа Зеландия енді. Олар 88 балл жинады. Үздік ондыққа Норвегия, Сингапур и Швеция (әр мемлекет 85 балдан жинаған), Швейцария (84 балл), Нидерланды (82 балл), Люксембург (81 балл), Германия (80 балл) кірді.

ТМД елдері арасында Қазақстанға қарағанда Армения (58-орын, 49 балл) және Беларусьтің (82-орын, 41 балл) рейтингісі жоғары. Қалған елдер рейтинге елімізден төмен тұр: Украина (122-орын, 32 балл), Ресей (136-орын, 29 балл), Өзбекстан (140-орын, 28 балл), Қырғызстан (144-орын, 27 балл).

Рейтингтің ең соңында – 180-орында 11 балл жинаған Оңтүстік Судан тұр.

Transparency International дерегінше, Қазақстандағы мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылардың 17% соңғы 12 айда пара берген. Беларусьте бұл көрсеткіш – 15%, ал Украина мен Ресейде – 23% және 27%. Еліміздегі сыбайлас жемқорлық қылмыс саны бір жылда төрттен бірге артқан.

2021 жылдың соңында қазақстандықтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке деген сенім деңгейі сәл болса да өскен: "бұл қызметке сенуге болады" деп жауап бергендердің үлесі бір жылда 24,5%-дан 25,1%-ға дейін көтерілді, ал бұл пікірмен келіспейтіндердің үлесі бұрынғы деңгейінде қалды – 1,8%.

Ауылдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сенім деңгейі қалалармен салыстырғанда жоғары – 28,2% және 23%. 

Transparency International тікелей Президентке есеп беретін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі назарын ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау секторына аударғанын айтады, алайда мұнай-газ, қаржы және құрылыс сынды ірі салалар назардан тыс қалып отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сенімнің негізгі себебі ретінде респонденттердің 37,6% БАҚ-тағы ақпаратты келтірген, кейін көмек көрсетуге деген сенімділік (32,5%) және қызметкерлердің кәсібилігі (17,7%) сынды факторлар тұр.

Қазақстандықтардың 27,4% былтыр сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ашық жұмыс істеді деп санайды, респонденттердің 27,4% – орташа, 4,3% – төмен деп баға берген, бірақ әрбір төртінші респондент жауап беруге қиналған.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу