Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың базалық мөлшерлемесі туралы мәлімдемесінде жазылған.
Оның айтуынша, жаһандық инфляция одан әрі төмендейді деп күтілуде. Бұған астық өнімінің мол алынуы, астық мәмілесін сақтау нәтижесінде астық бағасының төмендеуі және әлемдік экономикадағы өсудің баяулауы ықпал етеді.
"Нәтижесінде, бұл Қазақстандағы бағаларға да қысымның әлдеқайда әлсіреуіне алып келуі мүмкін. Соған қарамастан, алдағы екі жылда көптеген елде инфляция нысаналы таргеттен жоғары болады. Осыған орай сыртқы монетарлық жағдай қатаң қалпын сақтап, көптеген елдегі экономикалық белсенділікті тежейді", – деп хабарлады Ғалымжан Пірматов.
Бұл ретте ол әлемдік мұнай нарығында қалыпты оң динамика күтілетінін атап өтті.
"Әлемдік сұраныс 2023 жылы рекордтық деңгейге дейін артады деп күтілуде. Пандемиядан кейін экономиканың ашылуына байланысты Қытай сұраныстың өсуіне ең үлкен үлес қосатын болады. Болжам бойынша, Ресейде мұнай өндіру ең алдымен, эмбарго мен мұнай өндірудің ерікті түрде қысқаруына байланысты азаяды", – деді Пірматов.