300 млн теңгенің мұнайын заңсыз өткізген күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен ұсталды

106

Қылмыс жасағаннан кейін қаскүнем жасырынып, ол халықаралық іздеуге жарияланған.  

300 млн теңгенің мұнайын заңсыз өткізген күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен ұсталды Фото: бейнежазбадан

Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері заңсыз мұнай айналымы үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадициялады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Күдікті коммерциялық ұйымның бас директоры бола тұра, 2022-2023 жылдары Ақтөбе облысында алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жалпы сомасы 300 млн теңгеден астам аса ірі мөлшердегі мұнайды заңсыз өткізу бойынша әрекеттер жасаған.  

2024 жылы іздеудегі адам Дубайда анықталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша ол жерден Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, 2024 жылы бұл қылмыстың сыбайласы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға сотталған.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу