Мьянмада тағы да жер дүмпуі тіркелді

Бұл туралы Тайландтың метеорологиялық департаментіне сілтеме жасап Report жазды. 

Мьянмада тағы да жер дүмпуі тіркелді Фото: РБК

Жер сілкінісі Мьянмадағы Мандалай қаласынан солтүстікке қарай 60 шақырым жерде болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Табиғи апат жергілікті уақытпен сағат 14:58-де тіркелген, магнитудасы – 5,2, ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан.

Соңғы мәліметтер бойынша, Мьянмадағы барлық жер дүмпуінен қаза тапқандар саны – 3 600 адам, жараланғандар саны 5 000-нан асты.

Еске салайық, 28 наурызда жойқын жер сілкінісінің магнитудасы 7,7 баллға жеткені жазылды. 

Ертесіне, яғни 29 наурызда Мьянмадағы жер сілкінісінен мерт болғандар саны 1000-нан асқаны белгілі болды. 

Ал 30 наурызда елде қуаты 5,1 балдық тағы бір жер сілкінісі тіркелді. 

Кейіннен Мьянмадағы жер сілкінісінің болжамды себебі айтылып, халқының бір апта бойы аза тұтатыны мәлім етілді.

31 наурызда Мьянмадағы жер сілкінісінен 2 мың,  3 сәуірде 3 мың адамның көз жұмғаны жария болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу