Жарақат алғандар қатары соңғы мәлімет бойынша 30-дан асады, деп хабарлайды Atameken Business..
Мысырдың ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жарылыс жол-көлік оқиғасы салдарынан болған. Жүргізушілердің бірі қарсы бағытқа шығып, алдында келе жатқан көлікпен соқтығысқан. Қазір ел полициясы тергеу жүргізуде.
Жол апатының әзірге қасақана жасалғаны не абайсызда болғаны белгісіз.
Ал, зардап шеккендер қатарының көп болу себебін, жарылыс адамдар көп жүретін ауданда болуымен түсіндіруде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу