Нан бағасы негізсіз қымбаттаған

1007

Тексеріс барысында екі ірі өндіруші өзара келісу арқылы бағаны өсіргені анықталған. 

Нан бағасы негізсіз қымбаттаған

Көкшетауда нан бағасы негізсіз қымбаттаған. Ақмола облысы бойынша бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің мамандары осындай тұжырымға келді, деп хабарлайды Atameken Business.

Тексеріс барысында екі ірі өндіруші өзара келісу арқылы бағаны өсіргені анықталған. Бірінші сұрыпты нан бағасын"Көкше-Нан" серіктестігі 80 теңгеден 90-ға, ал "Көкшетау нан зауыты" 85-тен 90 теңгеге өсірген. Қазіргі уақытта екі кәсіпорынға да заңбұзушылықтарды жою қажеттілігі туралы хабарлама жолданған. Енді нан шығаратын серіктестіктер олқылықтарды 10 жұмыс күні ішінде түзеуге міндетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу