Наурыз айының соңында су тасқыны қаупі жоғары

344

Наурыздың үшінші онкүндігінде еліміздің басым бөлігінде, батыс өңірлерін есептемегенде қар, бұрқасын, екпінді жел болжанады.

Наурыз айының соңында су тасқыны қаупі жоғары Фото: Pixabay.com

"Қазгидромет" мамандарының бағалауынша наурыз айының соңына қарай ауа-температурасының фоны көтеріліп, қарқынды түрде қар еріп, су басу қаупі туындайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"16-19 наурыз аралығында жауын-шашынсыз ауа-райы және температураның жоғарлануы болжанады. Наурыздың үшінші онкүндігінде еліміздің басым бөлігінде, батыс өңірлерін есептемегенде қар, бұрқасын, екпінді жел болжанады. 

"Қазгидромет" мамандарының бағалауынша наурыз айының соңына қарай ауа-температурасының фоны көтеріліп, қарқынды түрде қар еріп, су басу қаупі туындайды. Сонымен қатар Ресеймен шекаралас аймақтарға, атап айтқанда, Жайық өзені мен оның салалары мен Тобылдың алаптарына ерекше назар аудару қажет. Қазір Омбы мен Челяб облыстарында, Башқұртсан Республикасында "Росгидромет" мәліметтері бойынша жиналған қар көлеміне байланысты су тасқыны болуы мүмкін", - "Қазгидромет"РМК бас директорының бірінші орынбасары Серік Саиров. 

Бүгінгі таңда Қазақстандағы гидрометеорогиялық жағдай келесідей қалыптасты: Қазақстанның қар жамылғысының ауданы 72%-дан 66%-ға азайды. 

Еліміздің жазық өзендерінде ылғал қорының көлемі біркелкі таралмағанын көрсететін 1 наурыздан 7 наурызға дейінгі аралықтағы деректер келесідей:

Қарағанды мен Ұлытау облыстарындағы Нұра және Шерубай-Нұра өзен алқаптарында 27 және 52%-ға азайса, Кеңгір өзені алабында орташа көпжылдық көрсеткіштер шамасында;

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы Есіл өзені алабына келіп құятын Қалқұтан өзен алабында 12%-ға азайды, ал Жабайы, Сілеті, Шағалалы өзен алқаптарында және Сергеев су қоймасына дейінгі аралықта тиісінше 28-ден 60%-ға дейін ұлғайды;

Ақтөбе облысындағы Ілек және Қарғалы өзен алқаптарында сәйкесінше 4 және 15%-ға ұлғайды;

Батыс Қазақстан облысындағы Шыңғырлау өзен алабында орташа көпжылдық көрсеткіштер шегінде, Шегін екі өзен алабында 28%-ға азайды, Деркөл және Шаған өзен алаптарында 67 және 41%-ға ұлғайды;

Қостанай облысындағы Жоғарғы Тобыл су қоймасынан жоғары жатқан өзен алаптарында 16%-ға, ал Қаратомар су қоймасына келіп құятын торап алыбында 51%-ға азайды. 

Таулы өзен алаптарындағы жағдай келесідей:

Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарындағы Ертістің оң жағалауындағы өзен алаптарында 69%-ға, Бұқтырма су қоймасы аймағында 100%-ға, Ертістің сол жағалауындағы өзен алаптарында 41%-ға орташа көпжылдық көрсеткіштерден жоғары. Ал Тарбағатай жотасының оңтүстік-батыс беткейіндегі орташа жылдық көрсеткіштердің шамасында;

Жамбыл облысындағы Қаратау жотасының солтүстік-шығыс беткейіндегі өзен алаптарында 27%-ға, Қырғыз жотасының солтүстік беткей алаптарында 71%-ға төмен;

Түркістан облысындағы Арыс өзені алабында орташа көпжылдық көрсеткіштер шамасында, Қаратау жотасының солтүстік-батыс беткейіндегі өзен алаптарында 26%-ға, Талас Алатауының солтүстік-батысындағы өзен алаптарында 21%-ға орташа жылдық көрсеткіштерден төмен;

Алматы және Жетісу облыстарында Іле Алатауының оңтүстік беткейі және Кетпен жотасының солтүстік беткейіндегі өзен алаптарында, Жетісу Алатауының және Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі өзен алаптарында орташа жылдық көрсеткіштердің шамасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу