Наурызда іскерлік белсенділік жақсарды

518

Бизнес-ахуал индексі 16,5-ке дейін көтеріліп (2023 жылғы ақпандағы 12,8-ден), өсу аймағында қалды.  

Наурызда іскерлік белсенділік жақсарды Фото: Фото: Хабар 24

Бұған қатысты ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Наурыз айында жеткізілім процесіндегі проблемаларға қарамастан, іскерлік белсенділік жақсарды. Барлық сектордағы кәсіпорындар жаңа тапсырыстар мен тауарлы-материалдық қорлардың көлемі ұлғайғанын айтып отыр", – деді спикер. 

Іскерлік белсенділіктің жақсаруы кен өндіру өнеркәсібінен басқа секторларда байқалды. Мұнда индекс 48,6-ға дейін (ақпандағы 46,7-ден) біршама өскеніне қарамастан, ұзақ жеткізу мерзімдеріне, жұмыспен қамту деңгейінің және жаңа өнім көлемінің төмендеуіне байланысты теріс жақта қалып отыр. 

Қалған секторларда жеткізілім мерзімінен басқа индекстің барлық компоненті бойынша оң өзгеріс болды. Өндірісте көрсеткіш айтарлықтай өскен. Мұнда индекс теріс аймақтан оң аймаққа өтіп, 53,1 болды (ақпанда – 49,8). Құрылыс және қызмет көрсету секторында индекс, сәйкесінше, 53,6-ға және 51,6-ға дейін көтерілді (ақпан айында – 51,9 және 50,7).                           

"Бизнес-ахуал индексі айтарлықтай ұлғайды. Респонденттердің бағалауы бойынша, наурызда бизнес жүргізу шарттары жақсарды. Кәсіпорындар болашақта да барынша қолайлы бизнес жағдайларын күтеді. Осылайша, ағымдағы және болашақ бизнес жағдайлардың орташа бағасын білдіретін бизнес-ахуал индексі 16,5-ке дейін көтеріліп (2023 жылғы ақпандағы 12,8-ден), бизнес-цикл "сағатының" көрсеткіші өсу аймағында қалды", – деді спикер. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу