Навальныйдың улануына қатысты комиссия құрылуы мүмкін

447

Путин осы іс бойынша Германиямен бірлесе жұмыс атқаруға дайын екенін жеткізді.

Навальныйдың улануына қатысты комиссия құрылуы мүмкін

Ресей президенті Владимир Путин Италия премьер-министрі Джузеппе Контеге оппозиционер Алексей Навальныйдың улануына қатысты комиссия құрылуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы премьер Foglio басылымына мәлім етті.

"Ресей басшысы болған оқиғанының жай-жапсарын анықтап, тергеу бойынша арнайы комиссия құруға және Германия билігімен бірлесе жұмыс атқаруға дайын екенін білдірді. Серіктестік ЕО мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың әрі қарай нашарлауына жол бермейді", –деді Конте.

Оның айтуынша, осы жағдайға қатысты Германияның позициясы Италия мен басқа да Еуропа елдерінікіне ұқсас.

Еске сала кетсек, 20 тамызда Навальный  Томск қаласынан Мәскеуге ұшақпен аттанбақ  болады. Бірақ жолда саясаткердің денсаулығы күрт нашарлап, ұшақ жедел түрде Омск қаласына қонуды. 21 тамызда оған Германияда емделуге рұқсат берілді. 7 қыркүйекте Charite деп аталатын жергілікті клиниканың дәрігерлері оппозиционердің жағдайы жақсарып, комадан шыққанын мәлімдеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу